Көкшетау қаласында «Мектепке жол» акциясы әдеттегідей жоғары белсенділік сипат алды. Дәстүрлі шарадан әрбір бала шет қалмауы қатаң қадағаланды.
– Бұл орайда, арнайы жұмыс жоспары жасалып, 354 мұғалімнің күшімен 7440 жеке үй мен пәтерлер тұрғындарымен әңгіме өткізілді, – дейді біздің сұрау салуымызға орай қала әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамова. – Сондай-ақ, 141 рейд шарасында балалардың тұрмыс жағдайы, ата-аналарының жұмыспен қамтылуы мен отбасылық кіріс көлемі зерттелді. Білім бөлімінде акцияға қатысты тізім жасалынды. Мұқтаж балалардың барлығы жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, еңбек ұжымдары мен бизнес құрылымдарына бекітіліп берілді.
Алғашқы күннен-ақ игі іске жұмыла кіріскен мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, ішкі істер басқармасы мен банк қызметкерлері бірінші сыныпқа баратын 152 баланы мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етті.
Сондай-ақ, Көкшетау қалалық білім бөлімі міндетті оқыту қорынан 4280980 теңге қаржы бөліп, 934 балаға адресті көмек көрсетті. Қалалық тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі де 4 миллион теңге бөлу арқылы тұрмысы нашар отбасылардың 200 баласын жаңа оқу құралдарымен қуантты.
Жылда өткізілетін «Мектепке жол» жәрмеңкесі биыл «Балаларға барлығымыз көмектесейік!» ұранымен өткізілді. Қалалықтар өз балаларына ғана емес, өзге оқушыларға да оқу құралдарын сатып алып жатты. Бұған қоса, мектеп құрал-жабдықтарын, киім-кешектерді қабылдау орны ашылып, бір мезетте толық құрамдағы 21 оқу құралдары жиынтығы, көптеген киім және 22335 теңге ақшалай қаражат жиналды. Осы ретте, қаладағы мектептердің барлығы да биыл оқулықтармен жеткілікті деңгейде жабдықталғанын атай кеткіміз келеді.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Көкшетау.

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12